Министрліктің хабарлауынша, ішкі істер органдары мен жергілікті полиция қызметі мониторингтік топтардың құрамында әкімшілік іс қозғау үшін дәлелдемелер базасын жинақтаумен айналысады.
Одан әрі материалдар «ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғау» үшін аумақтық бөлімшелерге жіберіледі.
Өз кезегінде прокуратура органдары мемлекеттік органдар мен ұйымдардың карантиндік шараларды сақтау кезінде азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.
5 шілдеден бастап қызметін қайта бастаған меншіктің әртүрлі нысандарының қызметін, сондай-ақ жеке тұлғалардың карантин талаптарын сақтауын бақылау мақсатында өңірлерде полиция қызметтерінің, әкімдіктердің, «Атамекен», санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері, еріктілер кіретін 779 мониторингтік топтар құрылды.
Басып шығару