Қазақстан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қытайдан озуы мүмкін

  • 25 июл, 13:32
  • Көрілім: 881

Қазақстанда бір тәулік ішінде 1740 коронавирус жұқтырған науқастар анықталып, олардың жалпы саны 80226-ға жетті.

Worldometers веб-сайтының хабарлауынша, пациенттер санының артуына байланысты бірнеше күн ішінде Қазақстан Қытайдан озып кетуі мүмкін. Қытайда бүгінгі күнге дейін 83,784 адам тіркелген.

Тек қуантатыны - бұл аспан асты еліне қарағанда өлім-жітім саны аз. Қазақстанда 610 адам коронавирустан қайтыс болса, Қытайда тәж-тажалдан қайтыс болғандардың жалпы саны 4634-ке жетті.
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру