Алматы мен Нұр-Сұлтан дәріханаларында парацетамол жоқ, ал Шымкент дәріханаларында ұзын-сонар кезек басталды.
Вирусқа қарсы препараттар қазақстандық дәріханаларда азайып келеді. Бірнеше күн бойы адамдар парацетамол, аспирин және арбидолдың барлық қорларын сатып алды. Фармацевттер бұл толқуды азаматтардың егер елде карантин қайтадан күшейтілсе, дәрі-дәрмексіз қалудан қорқатындығымен түсіндіреді. Дәрігерлердің өзі симптомсыз емделушілерге бұл дәрі-дәрмектерді қабылдауға кеңес берді. Сондықтан қазақстандықтар үйлеріне алғашқы медициналық көмек жинақтарын толтыруға асығу үстінде.
Сауле Қисықова коронавирустың симптомсыз тасымалдаушыларына парацетамолмен немесе аспиринмен емделуге кеңес берді.
Басып шығару