Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтардың саны күн санап артуда. Өткен тәулікте елімізде 438 адамның инфекция жұқтырғаны анықталған. Өсу көрсеткіші 5,1 пайызды құрайды. Науқастар саны аймақ бойынша төмендегідей:
Алматы – 75,
Шымкент – 69,
Қарағанды облысы – 67,
Нұр-Сұлтан – 56,
БҚО – 38,
Атырау облысы – 32,
Түркістан облысы – 17,
Алматы облысы – 12,
Қызылорда облысы – 8,
Қостанай облысы – 5,
Маңғыстау облысы – 5,
Ақтөбе облысы – 2,
Ақмола облысы – 1.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған азаматтардың жалпы саны 8 969 адамға жетіп, 4 515 адам дертінен айыққан. 35 адам қайтыс болды.
Басып шығару