Шенеуніктердің өз-өзіне қол жұмсауы сирек болса да, қайталанып тұратын жайт. Украинаның Жоғар Рада депутаты Валерий Давиденко өз-өзіне оқ атып, дүниеден өтті. Бұл туралы алғаш болып оның әріптесі Илья Кива хабарлаған. Артынша Украинаның ІІМ басшысының орынбасары Антон Геращенко ресми түрде растады.
Герщенконың айтуынша, Давиденконың денесі өзінің кабинетіндегі дәретханадан табылған. Маңдай тұсынан атылған оқ халық қалаулысының өмірін жалмады.
Қазір оқиға орыны тексеріліп жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері депутат өліміне қатысты барлық болжамды нұсқаларды тексереді. Әзірге ең бірінші нұсқа – суицид. Дегенмен, құқық қорғау органдарының өкілдері суицид етіп көрсетілген қастандық болуы ықтимал екенін жасырмайды.
Басып шығару