Тегі өзбек, өзі ресейлік миллиардер Әлішер Усманов тағы да жомарттығымен көзге түсті. Ол Өзбекстанның Наманган және Әндіжан облысындағы алты мың отбасы үшін 15 миллиард сум бөлген.
Наманган облысының екі ауданынан 5 мыңға жуық отбасы жалпы сомасы 12,5 миллиард сум болатын көмек алды. Жәрдемақыны асыраушысыз қалға, мүгедектер отбасына берді. Ақшаны бір реттік карта арқылы таратқан.
Сонымен қатар, Усманов Әндіжан облысының Мархамат ауданындағы 1000 аз қамтылған отбасы үшін 2,5 миллиард сум бөлді.
Еске сала кетейік, Сардоьа су қоймасының жарылуынан зардап шеккендер үшін Усманов 15 миллион доллар бөлген еді. Оның 10 миллион доллары өзбекстандықтарға берілсе, 5,2 миллион доллар Түркістан облысының Мақтаарал ауданының тұрғындарына берілді.
Әлішер Усмановтың қазіргі жағдайы 14,4 миллиард долларды құрайды. Ол Ресей мен Ұлыбританияның ең бай адамдары қатарында.
Басып шығару