Тәулік ішінде инфекция жұқтырғандар саны күрт артты. Қазір елімізде 939 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 57 бала бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.
«Өткен тәулікте 140 науқас тіркелді. Өсу деңгейі 14,7 пайызды құрады. Бір Алматының өзінен 106 адам анықталса, Қарағандыдан 12, Нұр-Сұлтаннан 9 адам тіркелді», - деді ол.
Оның айтуынша, коронавирустан елімізде 14 адам қаза тапқан, екі адам кеше көз жұмыпты.
Ал науқасынан айыққандар саны – 138 адам. 770 науқастың жағдайы жақсы. Жасанды дем беру аппаратында 8 адам жатыр екен.
Басып шығару