Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мамлютка аудан орталығында жасөспірім қала әкімінің орынбасарына пышақ жұмсаған.
16 жастағы аудан орталығының тұрғыны Психикалық денсаулық орталығына тексеруге жеткізілген. Оқыс оқиға кеше кеқұрым орын алған. Шенеунік қашып үлгеріпті.
Оқиға туралы жергіліктітұрғындардың бірі айтқан. Мамлютка қаласы әкімінің орынбасары көліктен түскен бетте оған жас жігіт келіп жеткізіп салуын сұраған, артынша пышақ салған. Жәбірленуші қауіптен қашып құтылыпты.
СҚО Полиция департаменті жәбірленушінің жеке өмірі туралы білмейтінін, бірақ оқиғаның тіркелгенін жеткізді.
«1987 жылы туған Мамлютка қаласының тұрғынының пышақ жарақатын алуына байланысты ҚР ҚК 106-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды», - деп хабарлады ведомства баспасөз қызметі.
Жас жігіт колледжде оқиды екен. Осы уақытқа дейін ешқандай оқыс қылығы байқалмаған. Қазір күдіктімен полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.
Басып шығару