Арыста жасөспірімдер арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқан. Нәтижесінде, олардың бірі өз құрдасына пышақ сілтеді.
Арыс кезекші бөліміне кәмелетке толмаған бала пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді деген қоңырау түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы 15 қазанда түн ортасында Арыс көшелерінің бірінде жасөспірімдер арасында жанжал болып, соңы төбелеске ұласқанын анықтады. Нәтижесінде олардың бірі құрдасына пышақ жарақатын тигізді, делінген хабарламада.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 24-99 бабы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Басып шығару