САЙЛАУ. Сайлаудан бұрындары самал есетін еді. Бұл сайлауда сең жүріп жатқан секілді.
Бәйгеге түскен жетеудің бесеуін білмеймін, ел танитын Екеуден шаң көрінді. Қасым-Жомарттың қалың плакаты қала-қыстақты толтырып, қатып тұр. Ал, Әміржанның «Әу!» дегені әлеуметтік желіні кеулеп, әр кісінің телефонына жетіп тебінеді.
Бүгін таң сәріде телефонымызды ашып, ақ самайлы оппозиция өкілінің «Қосановты қолдамаңдар!» деген бейнеүндеуін көріп едік. Ал, түске таман түкпір-түкпірден жалаулатқан жастар көрінді. «Жаңа Қазақстан жасаймыз!», «Жаңа басшы, жаңа жүйе керек!» дейді.
Иа, шын мәнінде, жаңа Қазақстан жасап, жүйені жаңарту жастардың қолында.
Бізді елеңдеткені сайлаушылардың белсенділігі, жастануы. Сайлаудың шын мәніндегі саяси додаға айнала бастауы.
Таңдау халықта!
«Байрағың» желбіресін, ағайын!
Басып шығару