ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов карантин уақытында балаларды қашықтан оқыту үшін техникалық қажеттіліктермен қалай қамтамасыз етілетін туралы айтты.
«Компьютермен қамтамасыз ету туралы. Шешім шығарудың бірнеше жолы бар. Бірінші – біз қазір мектеп иелігіндегі барлық компьютерлерді оқушыларға таратып беруді бастадық. Алматыда 10 мың компьютер жеткізілді. Біз бұл құрылғыларды уақытша қолдануға береміз», - деді министр.
Сонымен қатар, министр шешім шығарудың екінші жолын да жеткізді.
«Екіншісі – біз қолда бар компьютерлердің жеткіліксіз екенін көріп отырмыз, сондықтан, жаңасын да сатып алып жатырмыз. Біз бұл заттарды мектепке береміз, мектеп мұқтаж оқушыларға бөліп береді. 80 мың компьютер сатып алу жоспарлануда. Жұмыс басталды», - деді министр.