Алматыдағы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифингте коронавирус жұқтырған екі пациенттің халі орташа екенін жеткізді.
Жағдайы нашарлаған ер адамның созылмалы өкпе дерті бар екені анықталған. Қазіргі уақытта ахуалы бірқалыпты.
«Ал 2018 жылы туған 2 жастағы қыз жиі жөтеледі. Сондай-ақ, оның оң жақ өкпесінде пневмония бар екені анықталған. Жағдайы әзірше орташа», - деді басқарма басшысы.