Айгүл Иманбаева бұған дейін де тұрмыста болған. Алайда отбасылық өмірі ұзаққа бармаған. Жуырда әнші кезекті рет тұрмысқа шығуы мүмкін.
«Құдай қаласа, бәріңізді тойға шақырамын. Бірақ, мен ақ көйлек киіп той жасамаймын. Себебі, баламның өзі үйленетін жасқа жетті. Жаныңды түсінетін азаматыңның болуы керек», - деді әнші.
Ал енді әншінің таңдауы кімге түсті? Оған қандай жігіттер ұнайды? Әлдекімге тоқал бола ма, әлде...
«Мен тоқал болуға және өзімнен үлкен ер адамға тұрмысқа шығуға қарсымын. Сонымен қатар, біреуден тығылып өмір сүре алмаймын. Егер тұрмысқа шығатын ер адамың жаныңды түсінетін, басы бос адам болса, бір жылдан қалмаймын-ау. Жанымдағы ер адамның жүрегінің түгі болу керек. Себебі, анау-мынауға бағынатын, ығына жығылатын жастан өтіп кеттім. Маған ішкі мәдениет жоғары, етек-жеңнің арасындағы әңгімені елемейтін азамат керек. Былай айтқанда әркім өзімен деңгейлес адамды тапқаны дұрыс. Сондай адам жолықса, неге оның алдында иіліп жастық болмасқа», - деп сөзін түйіндеді әнші.
Басып шығару