Танымал әнші Бауыржан Исаев еліміздегі көптеген әншілер секілді тоқал алу мәселесіне қатысты өз ойын айтты. Оның айтуынша, ата-баба дәстүріне де, ислам дініне де қайшы келмейтін бұл үрдіске өз басы қарсы емес. Сондықтан, ол Еуразия арнасының «Қайырлы таң» бағдарламасында тоқал алғысы келетінін айтты.
Жуырда ғана Атырауда концерт беріп, концертіне небәрі тоғыз адам келген әнші Бауыржан Исаев тойларға жиі баратынын айтты. Сонымен бірге, ол тоқал мәселесіне пікір білдіріп, екінші әйел алғысы келетінін жеткізді.
"Әрине тоқал алған дұрыс. Негізі бұл тақырып біздің дінімізбен де, тарихымызбен де келген дүние. Сондықтан да бұл керемет нәрсе. Құранда айтылған нәрсе төртеуге дейін алуға болады. Егер аятқа келетін болса, бәріне әділ болатын болсаңдар екеу немесе үшеу немесе төртеу алыңдар дейді. Егер әділ бола алмасаң біреуімен ғана шектеліңдер дейді", - деді Бауыржан Исаев.
Басып шығару