Жақында ғана Мұрат Қожаның бұрынғы әйелі Айман Нұразхан өткен өмірі жайлы «Бақытты әйел» бағдарламасында сыр шерткен болатын. Алайда әншінің өзі
Instagram парақшасында көпшіліктен жеке өміріне араласпауын сұрап жазба қалдырды деп хабарлайды
NUR.KZ. Әнші «өзгенің өмірін талқылау, жеке бастарыңызға әсер етпесін» деп ескерту жасады.
«Бастаған екен, нүктені осы жерден қояйын! Кейбір журналист-сымақтарға экранның бетіне енді шыққан. Менің жеке өмірім- ол менің жеке өмірім. Рейтинг үшін жалған ақпараттың қажеті жоқ еді. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс бір Аллаға аян. Ақталмаймын! Бірақ, менің өмірімді ортаға салып, талқылауға рұқсат жоқ. Менің рұқсатымсыз мен туралы жазбаса екен. Және қоса кететін бір әнгіме, құрметті ағайын,! Әсіресе қыздар, келіншектер менімен бірге тұратын адам құсап әнгіме жазудан аулақ болыңыздаршы. Біреуді кінәләп, жала жауып, көрмегенді көргендей болып әнгіме айтпаңыздар. Ол - өте үлкен күнә. Тағыда айтам, менің өмірім ол тек менің өмірім. Мен кіммен қалай, қашан араласатынымды өзім шешейін. Әрине ақыл айтып, жақсы болсын деген тілектеріңізге раxмет», - деген әнші болашағын білмейтін адамдардан қателік жасағандарды сөкпеуді сұрады.
Басып шығару