43 шетелдік және бірлескен кәсіпорындарға тексеріс жүргізілді. Шетелдік мамандардың жалақысы қазақстандықтарға қарағанда 4,5 есе көп болды.
«Біздің облысымызда 43 шетелдік және бірлескен кәсіпорындар тексерілді. Тексеріс кезінде шетелдік және қазақстандық жұмысшылар мен мамандардың бірдей жұмыс үшін алған жалақы теңгерімсіздігінің 109 жағдайы анықталды. Тексеру нәтижесінде 364-тен астам әкімшілік істердің қаралып, жауапты тұлғаларға 96 миллион теңге айыппұл салынды », - деді Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Игілік Әубәкіров.
Игілік Әубәкіров былай мысал келтірді: компаниялардың біріндегі қазақстандық 750 мың теңге алса, сол қызметтегі шетелдік азамат 3 миллион 400 мың теңге алған.
Басып шығару