Биыл жаңа жүйені мемлекеттік органдардың жұмысына енгізу жоспарлануда.
Ақпан айында азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну процедураларын мейлінше жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жақсартуға арналған «Электрондық өтініштер» жаңа ақпараттық жүйесін әзірлеу аяқталды.
Бас Прокурор Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарау мониторингі департаментімен бірлесіп жаңа жобаны дайындауға қатысады.
Барлық процестерді цифрландыру арқылы жүзеге асатын жаңа жүйенің қызметтері:
- мемлекеттік органдардарға түсетін өтініштердің таралу бағытын автоматты түрде анықтау;
- мемлекеттік органдар арасындағы өтініштер санын оңтайландыру арқылы өтініштерді қарау уақытын қысқарту;
- өтініш берушіні өтінішті қараудың барлық кезеңдері және мерзімдері туралы хабардар ету;
- мемлекеттік органдарға келіп түскен барлық өтініштердің бірыңғай деректер базасын қалыптастыру.
Сонымен қатар, «Электрондық өтініш» жүйесі өтініш берушімен кері байланыс жүйесін жүргізуге және мемлекеттік органдардың жұмысының сапасын бағалауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдардың жауаптары жүйелі талдаудан өтеді және нақты салалардағы өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастырады.
Қазіргі уақытта «Электрондық-өтініштер» жүйесін тестілеуге дайындық жүріп жатыр. Жаңа жүйе мемлекеттік органдардың жұмысында биыл басталады.