Facebook компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг өзінің «Метағалам» (Metaverse) тұжырымдамасы аясында виртуалды шындықты дамыту жоспарлары туралы жариялады.
Бұған дейін американдық БАҚ ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, компанияның жыл сайынғы конференциясында Цукерберг Facebook-тің ребрендингі туралы айтатынын хабарлады. Алайда, іс-шараның алғашқы 40 минутында ол компанияның проблемалары туралы да, атауын өзгерту жоспарлары туралы да ештеңе айтқан жоқ.
Оның орнына Цукерберг кеңейтілген және виртуалды шындықты дамыту жоспарларына назар аударды. Оның жоспары бойынша, жақын арада достармен сөйлесуге, жұмыс істеуге, ойнауға болатын виртуалды ортаны құруға болады. Мысал ретінде ол пайдаланушының «өмірде» және виртуалды кеңістікте бір уақытта өтетін концертке қалай қатыса алатындығын көрсетті.
Сонымен бірге Цукерберг Facebook-ті айтпағанда, Metaverse сөзін бірнеше рет қолданған. Алайда, бұл компанияның жаңа атауы бола ма, жоқ па ол жағын айтқан жоқ. Іс-шара қосымша панельдік пікірталастармен бірге бірнеше сағатқа созылады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Facebook-тің өзі иелік ететін Instagram, WhatsApp және Facebook корпорациясы атауын өзгертуді жоспарлап отырғаны туралы хабарланған болатын. Жаңа атау «метағалам» ұғымын білдіреді.
Басып шығару