Белгілі ІТ мамандардың бірі
Өмірбек Құрбанбаев электронды үкімет порталын ресейлік «СБЕР» компаниясына беру туралы мәселеге қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында жеке пікірін жариялады.
Маманның айтуынша, өз елімізде де электронды үкімет порталын зерттеуге, дамытуға қауқарлы ақпараттық технология саласын игерген азаматтар табылады.
«СБЕР – «Ал, кеттік»!
Әртүрлі дереккөздерден оқып-біліп жүрген боларсыз, айта кетейін – Қазақстанның цифрландыру министрлігі EGov Электрондық Үкімет порталын ресейлік СБЕР компаниясына беруге қадам жасап отыр. Құптарлық па? Мұндағы отандық IT-мамандар қауымдастығы бұл шешіммен келіспейді, талқылап та, жазып та, айтып та жатыр, бірақ олардың жан айқайы нысанаға жетпей жатқандай. Министрліктің шенеуніктері де жасаған өз таңдауларына берік, мәлімдемелері қалыпты – олар СБЕР-мен меморандумға тек EGOV платформасын зерттеу үшін ғана келісім жасасқанын айтады, айтуынша олар келеді, зерттейді және әрі қарай не істеу керектігін айтады мыс. Дегенмен бұл жағдай, клиникада кезекте тұрғанда «тек сұрап шығамын» деп сумаңдар кіріп кететін айлакер адамдар сияқты – кірсе бітті, шықпай күйдіреді.
Бұл жерде ең аяныштысы - шенеуніктердің айтуы бойынша, мәселе біздің Отанымызда «АТ -кадрларының жоқтығында». Басқаша айту да мүмкін емес! Түсінікті болу үшін аздап түсініктеме берейін: кез келген IT -платформа, мейлі ол Egov болсын, мейлі басқа, негізгі үштіктен тұрады - мамандар, инфрақұрылым және ақша. Егер ақша болса, онда талдаулар да, инфрақұрылым да және қажетті сапалы мамандар да табылады. Ал Қазақстанда ақша да, инфрақұрылым да бар. Жеткілікті. Сонда мәселе тек бізде маман жоқ деген сылтау болғаны түсінікті болды. Ал бұған отандық мамандардың өздері де аң-таң, оларды іздегендер болды ма? Шақырды ма? Сұрады ма? Әрине санасқан ешкім жоқ.
Егер де бізде АТ мамандары шынымен жоқ дейтін болсақ, онда бұл қазіргі технологиялық заманда мемлекет саясатының үлкен қателігі, жүйелік проблема, болашақ апат – шұғыл түрде мамандарды даярлау, тарту және ынталандыру тәсілдерін іздеуіміз керек, шетелде ағып кетудің алдын алудың бірден бір жолы осы – мәселенің түбірін ақтару қажет. Қазақ жері талай үздік тұлғаларды шығарды, шығарып та жатыр. Егер мамандар елден кете беретін жағдай туындаған болса, онда оған себеп бар деген сөз. Себебін іздейік. Маман жоқ деген сылтауға сілтеме жасаудың орнына, олардың болуына ықпал жасап күресуіміз керек. Әйтпесе, біз үздіктерді жоғалтуды әлі де жалғастыра беретін боламыз.
Тілекке қарсы, Қазақстанда ешқашан жақсы мамандар шықпайды деген қате пікір бар. Ақымақтық! Кез келген мемлекет сияқты, Қазақстанда да үздік мамандар бар және алда да бола береді. Оларға деген көзқарас түзу болу керек, тек! Көп сөздің қажеті жоқ – әйгілі Яндекс мысал, - оны жасап, негізін қалаған өзіміздің Атырау өңірінен шыққан қазақстандық азамат, Алматыда оқыды, содан кейін ел асып кетті. Бұл бір ғана мысал, әлі де осындай бізге беймәлім гений тұлғалар арамызда жүр. Тілекке қарсы, олар бұл елден өзін таппағандықтан кетеді, өздеріне деген қажеттілікті сезбегендіктен кетеді, ренішпен кетеді. Бұның барлығына бірінші кезекте кінәлі – Мемлекет!
Әркімдегі таңдау мүмкіндігі өзінде - не өз балаңды жазуға үйрету керексің, не көршіңнен хатыңды жазып беруді сұрайсың. Қайсы таңдау әлдеқайда тиімді құбылыс, қорытынды өзініңіз жасай беріңіз.
Мен СБЕР және оның мүмкіндіктері туралы ештеңе айтпаймын, өйткені мен олардың өнімдерін іс жүзінде қолданып көрген емеспін. Бірақ, біздің EGOV - бұл әрбір азаматтың жеке деректер қоры, бұл әр түрлі құпиялар жинағы, бұл кіші және үлкен деректер (бигдата), қаржы, есеп, және де басқа мүлік түрлерінің алуан түрлі деректер базасы және тб. Біз XXI ғасырда өмір сүреміз, зайырлы елміз, ақпараттық ғасырдамыз, солай екен, бұл деректер әрқашан сыртқы көзден аулақ болу керек. Бұл өз қауіпсіздігіміздің кепілі.
Тілекке қарсы, қазіргі жағдай ойландырады. Себебі, отандық IT-мамандар қауымдастығы шенеуніктерге Отан үшін аянбай қызмет етуге дайын екенін айтып жеткізе алмайды, ал шенеуніктер естуге мүдде білдірмей, керісінше, бізде маман «жоқ» деп елді сендірумен әуре. Осындай күйде жүргендей сезімдемін. Мүмкін, екі тарап әртүрлі қиылыспайтын «виртуалды мекендерде» өмір сүріп жатқандай.
Аянышты жағдай. Өте.
PS. «Өсер елдің баласы бірін бірі батыр дейді, Өшер елдің баласы бар намысын сатып жейді»... Шіркін, атам қазақта айтылмай қалған сөз бар ма?»
Басып шығару