Маңғыстау облысындағы қуаңшылық мәселесін шешу үшін аймақ қазынасынан 200 млн теңге бөлінді. Аймақтың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұлов шілде айынан бастап 5 ауданға азық сатып алынатынын айтты.
«Келесі айдан бастап жыл соңына дейін Маңғыстау облысының 5 ауданына 2200 тонна азық сатып алынады. Бөлінген қаржы «Каспий» ӘКК арқылы игеріледі. Ал көрші өңірлердің жекеменшік иелері 15 маусымнан бастап шөп жеткізуге дайын», - деді Серік Қалдығұлов.
Облыс әкімінің тапсырмасымен шаруа қожалықтарына жем-шөп дайындау науқаны қолға алынды. Аймақ әкімдігі Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарымен жем-шөп жеткізу, сондай-ақ жайылымдар мен шабындықтарды пайдалану жөнінде келіссөздерді бастап кетті.
Басып шығару