Мәжілісте Қазақстандағы «Сайлау туралы» конституциялық заңға түзетулер мен ілеспе заң жобасы қаралып жатыр. 800 әкімнің сайлауы үшін 17,6 миллиард теңге қаржы жұмсалады. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді.
Заң жобасы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтер әкімінің сайлануын көздейді. Осыған байланысты 67 түзету енгізу ұсынылды: дауыстарды санау, сайлауды тағайындау тәртібін белгілеу, кандидаттарды ұсыну, тіркеу, сайлауды өткізу, қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, сайлау өткізу кезеңдерінің мерзімі, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тіркеу тәртібін белгілеу; кандидаттарға қойылатын талаптар; ұсыну тәсілдері; сондай-ақ кандидаттарды қолдауға қол жинау.
«Әкімдерді тікелей сайлауды қаржыландыру жергілікті бюджеттер арқылы жүзеге асады. Алайда Бюджет кодексінің жалпы сипаттағы трансферттердің қолданылу кезеңінде жергілікті бюджеттің шығындарын міндетті өтеу туралы нормаларын ескеріп, таяудағы екі жылда сайлау ОСК арқылы қаржыландырылады.
2023 жылдан бастап бұл шығындар жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына енгізіледі және жалпы сипаттағы трансферттерде есептеу кезінде ескеріледі. Бұл шамамен 17,6 миллиард теңге, оның 4,8 миллиарды биыл 800-ден аса әкімге сайлау өткізуге жұмсалады», - деді туралы Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров.