Ақмола облысындағы «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны қолды болды. Алтынды ұрлау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 4-бөлігі, "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынды.
"Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні "Қазақалтын" АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық іс-әрекеттері салдарынан кәсіпорынға 122 миллион теңге көлемінде аса ірі шығын келтірілді", - деп хабарлады облыстық ПД.
Басып шығару