Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелінген және тіркеу шарттары дұрыс 20 мыңнан аса көлік есепке қойылған. Көлігін тіркей алмаған мыңнан аса жүргізуші де бар. Мұның бірқатар себебі аталды.
"Күрделі эпидемиологиялық жағдай мен карантин шектеулерінің ұзаққа созылуына байланысты енгізілген мемлекеттік шекараны кесіп өту шектеулерінен автокөлікті Арменияға кері әкету проблемалары туындады. Кейбір автокөлік иесі де карантинге байланысты қайта жабдықталған автокөлігін зертханаларда уақытылы сынақтан өткізе алмады, себебі олар кей өңірде жұмыс істемейді", - делінген Қазақстан ІІМ хабарламасында.
Үкімет мұндай көліктерді тіркеу мерзімін 2022 жылдың 1 наурызына дейін ұзартуды ұйғарды (Үкіметтің №104 қаулысы).
Басып шығару