Қазақстандықтар бір жолғы зейнетақы төлемдерін бірнеше рет бөліп пайдалана алады. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеді.
Ең бастысы – қаржыны мақсатты түрде жаратуың керек. Қаржыны берудегі негізі бағыттың бірі – тұрғын үй жағдайын жақсарту. Ол қандай шарттармен бірлетінін кеше Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жариялады. Бір жолғы зейнетақы төлемдерін мына мақсаттарда пайдалануға рұқсат етіледі. Ең бірінші тұрғын үй сатып алу. Егер салынып жатқан үйдің аяқталатынына кепілдік болса, үлескер ретінде қатысуға болады. Жер сатып алуға және жеке үйіңізді сала аласыз. Егер пәтерді ипотекаға алуды жоспарласаңыз, зейнетақы қорындағы қаржыны алғашқы жарна ретінде пайдалана аласыз немесе ипотекалық қарызды толық өтеуге болады.
Сондай-ақ жақын туыстар қаржысын өзара бірлесіп жұмсай алады. Бірақ айта кететін бір жайт бар. Зейнетақы қорындағы қаржыны пайдаланып алынған үйді бес жылға дейін сата алмайсыз. Сондай-ақ үйді жақын туыстарыңыздан сатып алуға болмайды. Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін екі оператор белгіленді. Ол «Отбасы банк» және «Халық банк». Екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн шот ашып, өтініш қалдыруға болады.