Нұр-Сұлтандағы Jekpe-Jek Saraiy спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің аты берілді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен әрі қолдауымен Елордамыздағы Жекпе-жек сарайына ресми түрде даңқты балуан, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың есімімен аталатын болды. Бұл шешім былай қабылданған еді...", - деп жазды ол.
Құрылысты "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жүзеге асырған. Жобаның құны шамамен 19,5 миллиард теңге.
Басып шығару