Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

  • 10 ноя, 12:44
  • Көрілім: 330

Мейіржан Бақытұлы Юсупов Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.
"ҚР үкіметінің қаулысымен Мейіржан Бақытұлы Юсупов Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Ол 2001 жылы Middle East Technical University-ді "Экономика және басқару" мамандығы бойынша, 2004 жылы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ді, 2007 жылы Лондон экономика мектебін, 2015 жылы Гарвард басқару мектебін бітірген. 
Еңбек жолын 2001 жылы "Туркуаз" компаниялар тобы"АҚ директорының орынбасары лауазымынан бастаған. Кейіннен "Демир Қазақстан Банк" АҚ-да, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қорында жұмыс істеген. 2010 жылы ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ қазынашылық басшысы, экономика және қаржы жөніндегі директоры, бас директоры болып жұмыс істеді.
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру