Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің айтуынша, алты ай ішіеде 197 265 сәби дүниеге келді, 2019 жылы осындай уақыт аралығында 193 412 сәби дүниеге келген.
Туу көрсеткіші бойынша Қазақстанның алғашқы бес аймағы:
Түркістан облысы - 27 512 адам. Былтыр бұл ауданда 26 161 сәби дүниеге келген.
Екінші орында Алматы облысы - 25361 сәби дүниеге келді, 2019 жылдың дәл осы кезеңінде 24 434 сәби дүниеге келген.
Алматы қаласы үшінші орында. Бұл жерде алты айда 16 547 сәби дүниеге келген. Өткен жылы алты айда 16 575 бала дүниеге келді.
Төртінші орында Нұр-Сұлтан. Елордада 14 123 бала дүниеге келді, 2019 жылы, бірінші жартыжылдықта қалада 14 237 адам дүниеге келген.
Шымкент алғашқы бестікті аяқтады, алты айда 13 718 жаңа Қазақстан азаматы тіркелген. 2019 жылдың алты айында бұл аймақта 13 018 бала дүниеге келді.
Еліміздегі балалардың ең аз саны Солтүстік Қазақстанда тіркелді - 3294. 2019 жылдың дәл осы кезеңінде мұнда 3323 сәби дүниеге келген.
Жалпы алғанда, Қазақстанда 2020 жылдың алты айында 64 968 адам қайтыс болды. Салыстыру: 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында елімізде 66 613 өлім тіркелген.
Басып шығару