Mazir
06 авг 18:39korilim:852 Ekonomika

«Экономика бұрмалауды көтермейді, табиғатына сай дамиды»


Біздің білетініміз, Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының тәуелсіздік жылдарында Сыр өңірінде билік тізгінін ұстаған 9-шы әкімі. Отыз жылға жуықтайтын тарихта олардың әрқайсысына жеке дара баға беріп жатқымыз келмейді. Себебі биліктің әр кезеңіндегі жағдай өзінше өзгеше болды, олар бір-біріне ұқсамайтын, осыған орай әкімдердің басқару стилі де басқашалау еді.
Бірақ Сыр өңірінің экономикасында ұзақ жылдан бері келе жатқан бір ұқсастық бар. Облыс дотациялы аймақ, яғни республика бюджетінен қомақты субвенция алады. Табылған әрбір 100 теңгенің 60-70 теңгесі республиканың еншісіндегі қаржы. Бұған қоса соңғы жылдары Оңтүстік Торғай иініндегі мұнай өндіру көлемі төмендей бастады. Барынша тереңнен мұнай өндіру бойынша инвестиция тарту қаншалықты тиімділік әкеледі, бұл енді уақыттың еншісіндегі шаруаның қатарына жатады.
Экономиканың тағы бір қызықты дерегі бар. 2019 жылғы жалпы өңірлік өнім бойынша Қызылорда облысы Қазақстанның 17 аймағының ішінде соңынан санағанда 3-ші орынды иеленіп отыр. Дәл есебін айта алмаймын, бұл шамасы соңғы 20 жыл бойы өзгермей келе жатқан, өзгерсе де әрі кеткенде екі сатыға көтерілген позиция. Қысқасы, облысқа мемлекет күшімен үлкен инвестиция тартылмайынша қомақты іс тындыру қиын. 
Облыста 2019 жылдың қорытындысымен 1,8 трлн теңгенің жалпы аймақтық өнімі өндірілді. Бұл республиканың 2,7 процент үлесі немесе Қазақстандағы соңынан санағанда үшінші көрсеткіш. Айтпақшы, бұл жылдар бойы қордаланған проблема. Ендеше, Гүлшара Наушақызынан қызылордалықтардың «аспандағы айды алып бер» деуі ақылға сиымсыз болар еді. Бірақ бір нәрсе айқын. Өңірде жұмыс қарқыны төмендеген жоқ. Мемлекеттік бағдарламалар тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр. 
Облыс әкімі қабылдаған кешенді шаралар нәтижесінде жағдай қазір тұрақтала бастады. Соңғы бір айда  жедел жәрдемнің шақырту жүктемесі 52 процентке азайды. Демек, тиісті шаралар нәтижесін беруде.
Әкімнің ұстанымы пандемия кезінде бюджеттің тиынына дейін тиімді бағыттарға жұмсалуы тиіс. Президент тапсырмасына сәйкес қайта қарау нәтижесінде 2,2 млрд. теңге көлеміндегі бюджет шығыны қысқарды. 
Облыста карантиндік шектеулерден кейін экономиканы қайта қалпына келтіру жөніндегі облыстық жоспар бекітілді. Соған сәйкес жергілікті жолдарды жөндеу, су және жылу жүйесін жаңғырту, энергиямен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын, әлеуметтік саланы дамыту бағытында шаралар жүзеге асырылады. 
Өңір экономикасын қайта қалпына келтіру мақсатында жаңа жобалар бойынша инвестициялар тартылуда. Оның 2-і Арал ауданында жүзеге асырыла бастады. Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін цех құрылысы аяқталғасын 150 адам жұмыспен қамтылады. Шикізат Арал мен Қазалы аудандарының түйе өсірушілерінен сатып алынады. Тұз өндіретін үшінші испандық цех 200-дей адамның екі қолға бір күрек табуына мүмкіндік бергелі отыр. Ал өнімі экспортқа, оның ішінде Қытайға жөнелтіледі. 
Жылдың екінші жартысында Арал ауданында кальцийленген сода, Қызылорда қаласында шыны пластик құбыр шығаратын зауыттардың, Жаңақорғанда күн электр станциясының құрылысын бастау көзделген. Жыл соңына қарай 3 өндіріс орны іске қосылады. Олар – облыс орталығындағы шыны зауыты, Аралдағы кварц құмын байыту бойынша тау-кен байыту комбинатының бірінші желісі, Қармақшы ауданындағы құс фабрикасы. 
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында құны 37 млрд. теңгені құрайтын 276 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл 9299 жаңа жұмыс орнын құруға жол ашады. Бүгінде 6718 адам жұмысқа орналасыпты. 
Есептеулер бойынша әлі 2500-ден астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар. Алайда, оған сұраныс жоқтың қасы. Жобалар тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңғыртуға, әлеуметтік нысандар, көшелер мен жолдар салуға, оларды жөндеуге бағытталуда.  
Өңір басшысы кәсіп бастауға ниетті жандар үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы үлкен мүмкіндік екенін атап көрсетті. 
Елдегі қиын жағдайға қарамастан Қызылордада құрылыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Жоспарлы 30 әлеуметтік нысанның 22-сі жыл аяғына таман салынып болады. Бүгінде 1406 пәтерлі 87 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңында оның 74-і пайдалануға беріліп, мыңға жуық адам жаңа қонысқа көшеді.
Өмір қызық, кейде алыстаған дәуірлердің біршама ұқсастығы барын байқаймыз. Сонау 90-шы жылдардың орта шенінде Сыр елін басқаруға баратын Бердібек Сапарбаевқа Елбасы: «Жұмаққа емес, тозаққа барасың» деп қызметіне сәттілік тілеген екен. Бүгінгі жағдайдың сол дәуірге ұқсастығы бар. Әлемде дағдарыста, бүкіл Қазақстанда күрделі жағдай. Өмірдің шындығы сол, кейде бүтінді бүлдіріп, берекені бұзатын күншілдік кеселі халықтың арасынан емес, оқығаны, тоқығаны бар кейбір мансапшылардан тарайтыны бар. Арасын ажырату да қиын. Бірақ мұны өмір дейді.
Аймақ басшысының нәзік жанды болуы жауапкершілік жүгін жеңілдетпесі белгілі. Дей тұрса да,  Мемлекет басшысы мен Ақ орданың Гүлшара Наушақызына «қыз бала ғой» деп ерекше ілтипатпен қарайтынын тағы жоққа шығаруға болмайды. Әрине, бұл тұсы сырбойылықтар үшін ұтымды болып тұр...
Құлтас ДОСТАНОВ.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15