Дүнеижүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық Төтенше жағдай режимін үш айға ұзартты.
Халықаралық ұйымның бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус комитет ұсынған үш айлық Төтенше жағдай режиміне келісім білдірді.
ДДСҰ басшысы коронавирус пандемиясының салдары жүзжылдықтарға созылуы мүмкін дағдарысқа алып келуі мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, қазіргі уақытқа дейін бірқатар мәселелер шешілсе, әлі біршама сұрақтарға жауап табылмаған.
Комитет ДДСҰ-ға әлі де біршама уақыт бойы жағдайды бақылап, ахуалы ушыққан елдерге көмек көрсету туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар, халықаралық ұйым коронавирустың шығу тегін анықтау туралы ғылымға көңіл бөлу мәселесіне назар аудармақ.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, әлемде 17,3 миллион адам коронавирус жұқтырған, 675 мың адам қаза тапты. Өткен тәулікте 289 адам инфекция жұқтырып, алты мың адам қайтыс болған.
Басып шығару