Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір жыл ішінде 21,9 пайызға өсіп, 14,8 триллион теңгеге жетіпті. Бас айналдырар бұл деректі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады. 14,8 триллион теңгенің 14,2 триллион теңгесі мемлекеттік қарыз болып саналады. 523 миллиард теңгесі - мемлекет кепіл болған қарыз. Мемлекеттің кепілгерлігімен алынған ішкі қарыз - 37,8 миллиард.
Өткен жылы ғана жалпы қарыздың бас-аяғы 12,1 триллион теңге еді. Бір жылда 2,7 триллион теңгеге өсті.
Басып шығару