Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қолданылған шаралар нәтижесінде стационарлық кереуеттер саны 20 пайызға, жан сақтау кереуеттерінің саны 6 пайызға артқанын мәлімдеді.
«Уақытылы қабылданған екі апта карантин бірқатар жақсы жетістіктерге қол жеткізуге көмектесті. Коронавирус жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткіші 4-тен 2,1 пайызға дейін түсті. Ал дертінен айығып шыққандар саны 60 пайызға артқан. «Жедел жәрдемге» түсетін қоңыраулар саны да 23 пайызға азайды», - деді ол.
Оның айтуынша, қазір еліміздегі ауруханаларда 1 958 да өкпені жасанды желдететін аппарат бар. Министр алдағы уақытта әкімдермен біріге отырып 4 183 аппарат сатып алатынын мәлімдеді.
«Елімізде күніне 32 мың тест жасайтын зертханалар жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, медициналық үш қабатты масканың құны 28 пайызға арзандады», - деді министр.
Басып шығару