Қазақстан дамыған елдерден білім беру саласы бойынша әлдеқайда артта қалып келеді. Бұл туралы Ұлттық сенім кеңесінің отырысында мемлекет басшысы мәлімдеді.
«Қазақстан халықаралық білім деңгейінен біршама қалып келеді. Бұған бірнеше түсіндірулерді алға тартуға болады. Негізгі себеп – білім саласына, білім жүйесін дамытуға бөлініп отырған қаражаттың аздығы. Білім саласы – экономиканың маңызды саласы», - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қазақстандағы әрбір білім алушы үшін жылына 1000 доллар шығын жұмсалатынын айтты. Сондай-ақ, дамыған елдердегі мұндай шығынның әрбір білім алушыға 10-14 мың долларға дейін баратынын жеткізді.
«Ең маңызды мақсат – қала мен ауыл мектептерінің арасындағы арақашықтықты қысқарту. PISA мәліметіне сенсек, бұл арақышықтық 1,5 жылды құрайды екен. Барлық балалар әлеуметтік жағдайы мен өмір сүретін аумағынан тыс сапалы білім алуға құқылы. Бұл жағдайға реалистік көзқараспен қарау керек. Драмаға айналдыруға болмайды. Шаралар қолдану керек. Ауыл мектептерін сапалы кадрлармен толықтыру керек», - деді мемлекет басшысы.
Президент білім саласындағы инфрақұрылымды дамытуға тек бюджеттің есебінен емес, мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктердің көмегі арқылы жету керек.
«Біз маңызды бастамаларды жүзеге асырмасақ, өмір бойы дамушы деңгейде қалып қоямыз. Демографиялық ахуалды ескере отырып, қолдан келетін механизмді жүзеге асыру керек. Білім беру саласына инвестиция тарту мәселесі де қолға алынуы керек», - деді Тоқаев.
Басып шығару