ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев Төтенше жағдай кезіндегі Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы және квазимемлекеттік сектордың қарызы туралы айтты.
«Бүгінде Қазақстанның мемлекеттік қарызы өте төмен деңгейде. Бірінші сәуірдегі көрсеткіш бойынша ЖІӨ-нің 25 пайызын құрайды. Бізде барлығы қауіпсіз, арнайы межелері бар», - дейді ол.
Оның айтуынша, жауапты органдар арқылы Қазақстанның мемлекеттік қарыздары қатаң бақылауда.
2019 жылдың желтоқсан айында мемлекет басшысы Қазақстанның ішкі қарызы туралы бірыңғай реестр жасауды тапсырған еді.
«2020 жылдың 1-сәуіріне дейін Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі және Ұлттық Банк ішкі қарыз бойынша Бірыңғай реестр жасасын. Бірыңғай реестр ресми база түрінде болсын», - деген Тоқаев.
Басып шығару