Алматы қаласында медициналық маскалар мен антисептикалық заттарды бағасын асқақтата сатқан алаяқтарға қатысты бірқатар рейд жүргізілді. Рейд барысында алаяқтық жолмен маскаларды табыс көзіне айналдыруға ниет еткен құқық бұзушылар анықталып, 3 миллион дана медициналық маска тәркіленді.
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия шешімімен тәркіленген маскалар Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының құзырына өткізілді.
Тәркіленген 3 миллион маска қаладағы санитарлық-эпидемиялық шаралар күшейтілген медициналық ұйымдарға берілмек. Сондай-ақ, 2 миллион данадан астам маска Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасына берілді. Басқармадағылар қорғаныш құралдарын науқастармен жұмыс жасайтын мамандарға таратпақ. Маскаға қарық болғандар ішінде эпидемиологтар, күштік құрылым қызметкерлері де бар.
Басып шығару