Mazir
03 сен 14:02korilim:41 286 Adebiet

Азия елдері қаламгерлерінің І форумынан күтетін мәселе көп


Қазақстан Жазушылар одағы мен ҚР Президенті Әкімшілігі және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2019 жылдың 4-6 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Азия елдері қаламгерлерінің І форумын» өткізеді. Форум жұмысына 44 мемлекеттен әлемге беделді халықаралық сыйлықтардың жүлдегерлері, ұлттық, мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері, Жазушылар одағы мен ассоциацияларының төрағалары сынды 100-ге жуық ақын-жазушы мен еліміздің түкпір-түкпірінен шақырылған 50-ден астам қаламгерлер қатысады.
   Алғаш рет ұйымдастырылған бұл форум Азия континентінде орналасқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайту, одан әрі дамытумен қатар еліміздің бүгінгі кескін-келбетін, Қазақстанның әдебиетін, рухани құндылықтарын паш ету, әдеби үдерістің дамуына қатысты Азия елдерімен тәжірибе алмасу сынды бірқатар мақсат-міндеттерді көздеп отыр
   Қазіргі жаһандану заманы рухани құндылықтарды кейінге ысырып, материалдық байлық алдыға шыққаны анық.  Бұл үдеріс күллі адамзат баласының жан дүниесін жұтаңдандырып барады. Осынау рухани аштыққа жол бермес үшін бір құрлықты мекендеген елдердің бірлесе әрекет еткені дұрыс-ақ. Себебі, бұл жерде рухани жақындық та, салт-дәстүрлер сабақтастығы да бар. Оның ішінде түркі тілдес ұлттардың айрандай ұйуы тіпті қажет-ақ. Міне, бұл форумда осы бағыттта байланыстар орнайды деген сенім бар. Бұл жөнінде белгілі жазушы Кәдірбек Сегізбаев «Қазақ әдебиеті» газетінде төмендегідей пікір білдірген.
Кеңес Одағы тарқағаннан кейін «балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен» заман орнады. Одан бұрын Орталық Азияда тұратын халықтар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болатын. Ертеректе Әнуар Әлімжанов ұйымдастырған «Азия-Африка жазушылары конференциясының» аясында көптеген шығармалар өзге тілдерге аударылып, жеке-жеке кітап болып шыққан. Мемлекетаралық қатынастардың нығаюына бірден-бір сеп болатын мұндай бастамалардың маңызы зор.
  Бұл пікірді белгілі ақын Темірхан Медетбек ағамыз одан ары дамытып, төмендегідей түйін айтады.
  «Азия қалам­герлерінің I форумы» – бәріміз үшін көптен күткен үлкен оқиға болғалы тұр. Бұл бастаманың рухани маңызы өте зор. Көп жылдардан бері біздің шетелдермен, әсіресе, Азия елдерімен әдеби байланысымыз жадау, жұтаң күйге түскен еді. Қай ел­дің қандай бағытта жұмыс іс­теп жатқанынан бейхабар болып қалдық. Сондықтан әдеби бағыттағы қарым-қатынастың нығаюына жол ашатын алғашқы форумнан күтеріміз көп. Саяси жағынан болсын, әлеуметтік-экономикалық жағынан болсын, әрқилы деңгейде өмір сүріп жатқан Азия елдері – бір-бірімізді етене жақын танып, халықтық мәселелерімізді кеңінен қозғап, бір-біріміздің ішкі дүниемізге үңіле отырып ұлттық болмыс-бі­тімімізді айшықтасақ, келе­шектегі келелі істерге айқын бас­палдақ қаланар еді.
   Рас, Азия елдері қаламгерлері болашақта бір-бірімен тығыз байланыс орнатып, үздік шығармаларын алмасып, оқырмандарына ұсынса бәрінің де рухани әлемінде серпіліс орнары анық. Ал, рухани бай адам өзге құндылықтарға да ерекше құрметпен қарайтыны даусыз. 
  Нұрболат Сұлтанғазиев, журналист.
Басып шығару
lasuna pills - brand diarex himcolin tablet

besivance order - buy generic sildamax buy generic sildamax

buy gabapentin 100mg generic - where can i buy gabapentin buy azulfidine 500 mg sale

diclofenac order - voltaren 50mg us order aspirin 75 mg sale

rumalaya order online - rumalaya pill buy amitriptyline 50mg generic

mestinon usa - mestinon where to buy order generic azathioprine

order voveran pill - voveran price buy nimotop pills

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15