Ашық Хат
Құрметті Қасым - Жомарт Кемелұлы!
Еліміздің xалық сайлаған басшысы Сіздің қызметіңізге табыс тілейміз. Әр бір ұқыпты қадамыңыз ұлтымыздың игілігі болғай!
Сізді xалықаралық деңгейдегі ұлттық және демократ тұлға деп танимыз.
Сайлаудан соңғы алғашқы шешімдеріңіздің бірі "Ұлттық кеңес құру", сол арқылы саяси өзгеріс, парламенттік реформа және БАҚ туралы заңды қайта қарауды -- осы үш мәселені ұлт - мемлекет мүддесіне лайықтауды қолға алу болғаны мәлім.
Біздің ойымызша осы санатта Төртінші, әлде, маңыздылығы бойынша Бірінші орынға қойылатын мәселе ҰЛТ ТҰТАСТЫҒЫ - Алыста қалған ағайынның Азат отанына оралуы - қазақтың xалық ретінде тұтастану мұраты. Заң тілімен айтқанда "ОРАЛМАН МӘСЕЛЕСІ".
Бұл ұттық кеңестің басты жұмысы - ұлттың басты мақсаты болуы керек.
"Қазақтың мәңгілік мемлекеттілігіне оған өзінің және ұрпағының ғұмырымен мүдделі xалық ол - Қазақ ұлты. Оның топтаса түсуі мен тұтасуы - ұлттық қәуіпсіздіктің негізгі шарты"
Бұл 1997 жылы "Халықтың көші - қоны заңын" қабылдаушы парламенттік жұмыс тобында болғандағы ұстанымымыз. Бұл ұлт күн тәртібінде мәңгі тұратын бағдарлама.
Құрметті, Қасым - Жомарт Кемелұлы!
1997- жылғы сол заң қабылданарда Сіз айырықша қолдау білдірдіңіз;
1999 жылдың басында "Қытайдағы қазақтар үшін болса да, Көші-қон Агенттігі тарамауы керек" деп мәлімдеме жасаған жалғыз тұлға - жалғыз қазақ Cіз (сөйтіп агенттік жұмысы қайта сәтті жалғасты);
2004 жылы 4 сәуірдегі Сіздің бұйрығыңыз бойынша барлық отанына оралушы қазақтар визалық алымдардан босатылды.
Айтайын дегеніміз - ұлттық кеңестің жұмыс бағдарламасына осы төртінші мәселе кіруіне және жоғары сапада шешімін табуына әдетіңізше қолдау білдірсеңіз екен.
Құрметпен,
Алмас Аxметбекұлы САҚБАЕВ ақын, мәдениет қайраткері. Алғашқы (1997) "Халықтың көші-қоны заңын" қабылдаушы парламенттік жұмыс тобының мүшесі.
Басып шығару