Қазақстандық жеңіл атлеттер эстафетадан ел рекордын жаңартты

  • 14 июл, 11:42
  • Көрілім: 341
BAIRAQ.KZ- 14 шілдеге қараған түні Неапольдағы Универсиада ойындарында эстафетадан ерлер арасындағы финал өтіп, Қазақстан командасы еліміздің жаңа рекордын орнатты деп хабарлайды Bairaq.kz тілшісі Olympic.kz cайтына сілтеме жасап.  400 метрден төрт адамдық жарыста еліміздің атынан Михаил Литвин, Андрей Соколов, Давид Ефремов және Вячеслав Земс сынға түскен болатын. Олар мәреге 3:07.66 уақыт көрсеткішінде жетіп, ел рекордын жаңартты.  Бұл рекорд 1982 жылдан бері алғаш рет жаңарып тұр. Александр Курочкин, В. Пфейфер, Виктор Янцен, Илья Славинский эстафетада 3:09.51 нәтижесін көрсеткен болатын.  Айта кетелік, эстафетада біздің атлеттер сегізінші орыннан көрінді. Алтын жүлдені Мексика, күмісті Оңтүстік Африка Республикасы, қоланы Польша иеленді.
Арайлым Мельдешова

Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру