Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) Геннадий Головкинмен трилогияда екінші айқастағы тактиканы қолданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды vesti.kz.
«Головкинмен жекпе-жекті жиі көре бермеймін. Мен барлық айқастарымды қайталап көремін, бар болғаны сол. Екінші кездесуде ең жақсы гейжоспар болды. Трилогияда соны қолдану керек.
Трилогия екінші жекпе-жекке ұқсас өтеді, бірақ, өзімді күштірек сезінемін. Айырмашылық осыда. Головкин мықты, алайда, ол күштірек бола түсті ме білмеймін. Онымен жұдырықтасу керек, сосын айтамын. Ал жалпы, ол сол күйі мен жоқ па, түкіргенім бар. Мен жақсылап дайындаламын. Ол күштірек болып келсе де бәрібір. Қазір ол менің қарсыласым және оны сабағым келеді», - дейді Сауль.
Айта кетейік, Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте екінші орта салмақта өтеді. Бокс бәсекесі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да болады. Алғашқы кездесу даулы тең нәтижемен аяқталды, ал екінші жұдырықтасуда төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жетті.