Қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) заманымыздың үздік ТОП-15 боксшыларының қатарына енді. Ол тізім бойынша 9-шы орынға жайғасқан.
Головкин кәсіпқой болғанға дейін әуесқойлар арасында 2003 жылғы әлем чемпионатының алтын және 2004 жылғы Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алды, делінген Businessinsider.com хабарламасында.
Екі жылдан кейін ол бокстың кәсіпқой бағытына ауысты, төрт жылдан кейін алғашқы әлем чемпионы атағын жеңіп алды және өзінің керемет күшінің арқасында тез арада беделге ие болды.
Головин мансабындағы жалғыз дақ — бұл 2017 жылы Канело Альвареске қарсы жекпе-жегі.
Головкин соңғы жекпе-жегінде украиндық боксшы Сергей Деревянченконы төрешілердің шешімімен жеңіп, орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қайтарды.
Басып шығару