Танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне тағайындалды.
Ермұхамед Мәулен - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. 2013-2016 жылы QAZSPORT арнасының редакторы қызметін атқарған. Ермұхамед 2014 жылы Бразилияда өткен Әлем чемпионатын қазақ телевизиясы тарихында алғаш рет оқиға орнынан жүргізген комментатор.
2017-2018 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі, ал 2019 жылы «Хабар» агенттігінің спорт бөлімінің продюсері қызметін атқарған.
Басып шығару