Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-4) Әбу-Дабиде UFC 257 турнирінде ең жеңіл салмақта жекпе-жекке шықты.
Оның қарсыласы швециялық Амир Альзаби (13-1) болды. Жекпе-жек үш раундқа созылды, нәтижесінде төрешілер жеңісті Альзабиге берді.
Бұл - Жұмағұловтың екінші кездесуі. Өткен жылдың 12 маусымында қазақстандық UFC-де дебют жасап, бразилиялық Раулиану Пайведен жеңіліп қалған.
Басып шығару