Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қарсыласы Камил Шереметаны жеңіп, IBF және IBO белбеулерін қорғап қалды. Боксшы Геннадий Головкин кәсіби алаңдағы 43-жекпе-жегін өткізді. Карьерасында бір рет қана жеңілген спортшы IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулын қорғап қалды.
Боксшылардың кездесуі 12 раундқа жоспарланған еді, техникалық нокаутпен жетінші раундта аяқталды.
Аталған жекпе-жекке GGG боксшылар арасында әйгілі, бір кездері Конан МакГрегорды дайындаған диетолог маманмен жұмыс істеді. Осы орайда Бахтияр Артаев Геннадий Головкиннің сырт көрінісіне жоғары баға берді. Басып шығару