Жәібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кезекті рет мәлімдеме жасады.
"Тағы да айтамын. 160 фунтта мен патшамын. Бокстан хабары барлар біледі. Егер чемпиондарда сұрақ болса, жауабын рингте алады", - деп жазды Жәнібек Twitter-парақшасында.
Әлімханұлы орта дивизион чемпиондарын бірнеше рет жекпе-жекке шақырған. Қазіргі таңда бұл салмақта IBF және IBO белбеуі Геннадий Головкинде (40-1-1, 35 КО), мексикалық Сауль Альваресте (53-1-2, 36 КО) WBA Super мен WBC Franchise титулдары бар, WBC амеркиалық Джермалл Чарлода (31-0, 22 КО), ал WBO белбеуі Деметриус Андраде (29-0, 18 КО).
Жәнібектің өзінде екінші деңгейлі WBO Global және WBC Continental Americas титулдары бар. Қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегінде аргентиналық Гонсало Корионы нокаутқа түсірген (16-4, 6 КО).
Басып шығару