Жақында Қызылордадағы мұзды кешеннің директоры ретінде жаңа лауазымға ие болған және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне оқытушы болып шақырылған ауыр атлет Илья Ильин ауруханадан бейнежазба жүктеді.
Тыныс алуы қиын, оның ауруханада жатқанына 6-күн болған.
"Менде COVID жоқ, менде басқа ауру болды, стреске байланысты аллергиялық реакция. Мені емдеу үстінде, бәрі жақсы. Міне, екінші күн жаттығулар жасап жатырмын", - деді Илья Ильин.
Ол қызылордалық дәрігерлерге алғысын білдіріп, қазақстандықтарды өз денсаулығын қорғауға шақырды.
Басып шығару