Макгрегор үшінші рет мансабын аяқтады

  • 07 июн, 12:06
  • Көрілім: 110

Бұрынғы UFC чемпионы Конор Макгрегор кезекті рет өзінің спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді. 
«Сәлем, жігіттер. Мен төбелесті доғаруға шешім қабылдадым. Баршаңызға алғыс білдіремін. Керемет болды», - деді Макгрегор. 
Еске сала кетейік, бұл – ирландиялық спортшының спорттан кететіні туралы үшінші мәлімдемесі. Соңғы рет ол Дональд Серронені бірінші раутта нокаутқа түсірген. 
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру