Бұрынғы UFC чемпионы Конор Макгрегор кезекті рет өзінің спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді.
«Сәлем, жігіттер. Мен төбелесті доғаруға шешім қабылдадым. Баршаңызға алғыс білдіремін. Керемет болды», - деді Макгрегор.
Еске сала кетейік, бұл – ирландиялық спортшының спорттан кететіні туралы үшінші мәлімдемесі. Соңғы рет ол Дональд Серронені бірінші раутта нокаутқа түсірген.