Bairaq.kz-Будапештте аяқталған Гран-при турнирінің күміс жүлдегері Елдос Жұмақанов
Olympic.kz сайтына сұхбат берді. Спортшының айтуынша, ол қолда тұрған алтыннан өз қателігі салдарынан айырылып қалған. "Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атандым. Қате өзімнен кетті. "Әне лақтырамын, міне лақтырамын" деп өзіме тым сенімді болып кеттім. Қарсыласты айлама түсірем деп жүргенде өзім таза жеңілдім. Қолда тұрған алтын еді. Бұйырғаны күміс болды. Бұл жерде өзімнің қателігім тұсау болды. Мұндай сәтте өз күшіңе сеніп кеткеннің де салдары бар. Дегенмен, еш жасымай, алдағы жарыстарға дайындаламыз", - дейді Жұмақанов. Гран-при турнирінің финалында Елдос Жұмақанов моңғолиялық Ганболт Херленмен кездесіп, "алтын ұпайға" созылған жекпе-жекте жеңіліс тапты.
Басып шығару