Атырау облысында көлік аударылып, әйел көз жұмды деп хабарлайды
kazinform агенттігі.
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 49 жастағы әйел жазық даладағы жолда қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жол-көлік оқиғасы Қаракөл ауылы мен Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылының аралығындағы жолда болған. Lada Granta көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, соның салдарынан автокөлік аударылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 49 жастағы әйел сол жерде қаза тапты. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Автор: А. Соколов
Басып шығару