Ресей мен Оңтүстік Кореядан Қазақстанға ақша аудару жүйесі арқылы шамамен 200 миллиард теңге жіберілді. Жалпы, аударымдардың көлемі 5% -ға азайған.
Ranking.kz зерттеуіне сәйкес, халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы шетелден түсетін қаражат көлемі алғаш рет азайды: 2019 жылы ол 344,6 млрд теңгені құрады бұл - 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айына қарағанда 4,8% аз.
Ақща аударымының төмендеуі Ресейден байқалды. Бірақ соған қарамастан, Ресей ақша аударымдары бойынша көшбасшылығын жалғастырып келеді - 129,6 млрд теңге. Одан кейінгі орында Оңтүстік Корея, аударымдар көлемі 15,7% -ға өсіп, 2019 жылы 65,7 млрд теңгені құрады. Үшінші және төртінші орынды Өзбекстан мен Қырғызстан иемденеді - 31 миллиард теңге (+ 30,6%) және 30,1 миллиард теңге (−0,6%).
Америка Құрама Штаттары аударымдарды едәуір 45,2% -ға ұлғайтты, яғни, 19 млрд теңге.