Өлімге әкелетін коронавирус микроскоппен қалай көрінеді - алғашқы фотосурет

  • 14 фев, 13:51
  • Көрілім: 493

ҚХР ауруларды бақылау және алдын-алу ұлттық орталығы халыққа 2019-nCoV коронавирусының алғашқы суретін ұсынды. 


Электронды микроскоппен түсірілген фотосурет бірден барлық бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таралды. Орталық бұл сурет аурудың таралуын болдырмауға және бақылауға арналған шаралар аясында алынғанын айтты.

Еске салсақ, соңғы мәліметтер бойынша Қытайда 2,8 мың адам коронавируспен ауырып, 80 адам қайтыс болған. Сондай-ақ, басқа елдерде, соның ішінде азиялық емес елдерде, мысалы АҚШ пен Францияда, жұқтыру оқиғалары тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру